Әзербайжанға саяхаттап барған отандастарымыз дауыс берді
БАКУ. ҚазАқпарат - Әзербайжандағы ҚР Елшілігінде орналасқан №212 сайлау учаскесіне аталған елде уақытша тұратын азаматтар ғана емес, сонымен қатар саяхаттап барған отандастарымыз да дауыс беріп жатыр.
Солардың ішінде «Қазақстан Инжиниринг» ұлттық компаниясының қызметкері Жанар Қонысова бар. Қазір ол Бакуде.
«Әзербайжанда сайлау учаскесі ашылғанына қуаныштымын. Бакуге ұшар алдында бұл туралы білгенмін. Мен Қазақстанның жарқын болашағы үшін, еліміздің дамуы үшін дауыс бердім», - деді Жанар Қонысова.