Әзербайжаннан Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі 50%-ға өсті
АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Әзербайжаннан Қазақстанға жеке тұлғалардан ақша аударымдарының көлемі 7,32 млн долларды құрады, деп хабарлайды Kazinform тілшісі Trend-ке сілтеме жасап.

Әзербайжан Орталық банкінің (ӘОБ) деректеріне негізделген есептеулерге сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 51,87 пайызға немесе 2,5 млн долларға өсті.
Бұл ретте Әзербайжаннан Қазақстанға аударылған трансферттердің жалпы көлеміндегі үлесі 1,8 пайызды құрап отыр.
— Ал, Қазақстаннан Әзербайжанға жеке тұлғалардан ақша аударымдарының көлемі дәл осы кезең — өткен жылдың 9 айында 17,794 млн долларды құрады. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21,74 пайызға немесе 4,944 млн долларға қысқарған. Аударымдардың жалпы көлемінде Қазақстаннан Әзербайжанға аударымдардың үлесі 2,1 пайызды құрайды, — деп нақтылады Trend Әзербайжан Орталық банкіне сілтеме жасап.
Жалпы, 2023 жылдың соңына қарай жеке тұлғалардан Әзербайжаннан Қазақстанға ақша аударымдарының көлемі 7,476 млн долларды, ал кері бағытта 30,583 млн долларды құрады.
ӘОБ мәліметінше, 2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Ресей жеке тұлғалардан Әзербайжанға ақша аударымдары бойынша көш бастап тұр, бірақ аударымдар көлемі екі еседен астам — 608 млн-нан 287,1 млн долларға дейін қысқарды.
Көрсетілген кезеңде Әзербайжанға ақша аударымдары бойынша елдердің «бестігіне» (Ресейден басқа) келесілер кірді: Түркия — 82,3 млн доллар, АҚШ — 30,5 млн доллар, Грузия — 17,4 млн доллар және Ұлыбритания — 16,1 млн доллар.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтау маңында ұшақ апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының несиелік міндеттемелері өтелгенін жазған болатынбыз.