Әзербайжанның 3 азаматы коронавирустан сауығып кетті

БАКУ. TREND - ҚазАқпарат – Әзербайжанның коронавирус (COVİD-19) инфекциясын жұқтырған үш азаматы арнайы режимдегі клиникада ем алып, сауығып шықты.
None
None

Бұл туралы, Министрлер кабинетіндегі Жедел штаб өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Әзербайжанның Trend агенттігіне сілтеме жасап.

14 наурызға арналған ақпарат бойынша, Әзербайжанда вирус жұқтырған 19 адам бар. Олардың 6-уы сауығып кетті.

Осы кезде ерекше режимдегі клиникаларда вирус жұқтырған өзге азаматтарды емдеу шаралары жүріп жатыр. Олардың денсаулық жағдайы жіті бақылауда.


Соңғы жаңалықтар