Әзербайжанның бұрынғы шенеунігі өзіне қол жұмсады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжан ІІМ қылмыстық іздеу бас барқармасының бұрынғы жедел уәкілі Гаджи Мамедов өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Trend .

Әзербайжанның бұрынғы шенеунігі өзіне қол жұмсады

Гаджи Мамедов қылмыстық топты ұйымдастырды деп айыпталып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған болатын. Ол Әзербайжанның Әділет министрлігінің арнайы емдеу мекемесінде асылып қалған.

Агенттіктің хабарлауына қарағанда, Мамедов  түрмеден 2016 жылы 25 сәуірінде денсаулығына байланысты емдеу мекемесіне ауыстырылған екен.