Әзербайжанның Генже қаласындағы зымыран атқылауынан 9 адам қайтыс болды

ГЕНЖЕ. AZƏRTAC-ҚазАқпарат – Әзербайжанның Генже қаласында зымыраннан қираған нысанда іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әзербайжанның Генже қаласындағы зымыран атқылауынан 9 адам қайтыс болды

AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, зымыран нысанға 2020 жылдың 11 қазанында сағат түнгі екі кезінде түскен.

Әзербайжан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі құтқарушылардың ол жерден 17 адамды алып шыққанын, оның 9-ы қайтыс болғанын хабарлайды.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан жауапты ведомстволар қираған нысанның астында ешкімнің қалмағанын, іздеу-құтқару жұмыстары аяқталғанын жария етті.

Еске салайық, Әзербайжан мен Армения бұған дейін уақытша ұрысты тоқтату туралы келісім жасаған еді.