Әзербайжанның қару қоймасында жарылыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жарылыс Хызын ауданы Гилязи ауылындағы N әскери бөлімшесінің қару сақтайтын қоймасында болды, деп жазады РИА Новости.

Елдің денсаулық сақтау министрлігі ТЖ салдарынан бірнеше адамның зардап шеккенін хабарлады. Алайда, жедел жәрдем оқиға орнына өте алмай отыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, бірнеше тұрғын үйлер де бұзылған. Сондай-ақ «Баку - Ресей шекарасы» магистралінің жабылғандығы жайлы ақпарат тарады.

Куәгерлердің айтуынша, жарылыс аумағындағы адамдар қауіпсіз аймақтарға көшіріліп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар