Әзербайжанның қару зауытында жарылыс болды (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның Ширван қаласында «Араз» қару зауытында қатты жарылыс болды.

Әзербайжанның қару зауытында жарылыс болды (ВИДЕО)

Куәгерлердің айтуынша, снарядтардың жарылған дауысы  алыс жерлерге дейін естілген.

Sputnik агенттігінің хабарлауынша, Ширван қалалық ауруханасына 6 жаралы адамды жеткізген. Қаза тапқандар туралы ресми ақпарат әлі жоқ. Жарылстың себептері анықталып жатыр. Оқиға орнына Ширван полиция басқармасының барлық жеке құрамы келді. ТЖМ құтқарушылары зауытқа жақын жерде тұратын адамдарды эвакуациялап жатыр, деп жазады РИА Новости.