Әзербайжанның Сумгаит қаласындағы көшеге Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевке Сумгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгені үшін алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
None
None

«Сонымен қатар, біз елдеріміз арасында мәдениет қайраткерлері мен делегацияларды тұрақты алмасуға келістік. Сумгаит қаласындағы көшелердің біріне қазақ халқының көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілгеніне алғыс айтамыз.

Ахмет Байтұрсынұлы 1926 жылы осы – Баку каласында өткен бірінші Бүкiлодақтық түркологтар съезiне делегат ретінде қатысқан. Бұл факт бiздiң елiмiз бен халықтарымыз арасында қашан да тығыз байланыс болғанын тағы бiр рет дәлелдейді деп ойлаймын. Кезінде елордамыздың бір көшесіне көрнекті мемлекет қайраткері, Әзербайжан халқының біртуар перзенті Гейдар Әлиевтің есімі берілген» делінген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен өткен келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ үшін мәлімдемесінде.




Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар