Әзербайжанның ұлттық валюта бағамы бір тәулікте 33,5 пайызға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әзербайжанның орталық банкі сенбіде ұлттық валютаның ресми бағамын 1 долларға 1,05 манат деңгейінде белгіледі. Бұл туралы бүгін ОБ таратқан хабарламада белгілі болды. Осылайша, бір тәулікте манат бағамы 33,5%-ға төмендеді, деп хабарлады ТАСС.

Әзербайжанның ұлттық валюта бағамы бір тәулікте 33,5 пайызға төмендеді

«Бұл шешім Әзербайжанның экономикасын әртараптандыруды ынталандыру, оның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін, экспорттық әлеуетін нығайту, төлем теңгерімінің орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданды», делінген хабарламада.