Ажар Ғиният «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен кеншілердің жағдайын айтты
АСТАНА. ҚазАқпарат – Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Қазақстан» шахтасындағы өрттен зардап шеккен шахтерлердің жағдайын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Стационарда емделіп жатқан науқастардың жағдайы орташа ауыр. Екеуінің денсаулық жағдайы қанағаттанарлық, олар жақын арада ауруханадан шығады. Медицина қызметкерлерінің айтуынша, бүгінгі таңда улану синдромы және улану белгілері бар шахтерлер де жақсарып келеді», - деп жауап берді Ажар Ғиният БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізі зардап шекті.
5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды.
Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөліміне жеткізілгені туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.