Әжесі екі жыл бұрын немересін қызы сатып жібергенін хабарлады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында анасы үш жасар баласын 25 мың сомға сатып жіберген, деп хабарлады бүгін КирТАГ.
Ыстықкөл облысы ІІБ тергеу бөліміне арызданған Ақсу ауданының 61 жастағы тұрғыны 2013 жылы қызының 3,5 жастағы ұлын Қаракөл қаласының тұрғынына сатып жібергенін мәлім еткен.
Тергеу барысында баланы сатып алғандардың кімдер екендігі анықталды. Олардың айтуынша, асырай алмайтынын желеу еткен анасы баласын 25 мың сомға өз еркімен сатқан.