Ажырасулар саны 4,9 пайызға өсті

АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылғы қаңтар-қарашада АХАТ органдарында 155,3 мың неке тіркелді. Олардың саны 2012 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайызға көбейді. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Ажырасулар саны 4,9 пайызға өсті

Атап айтқанда, осы кезеңде 47,3 мың ажырасулар тіркеліп, олардың саны 4,9 пайызға өсті. 1000 адамға шаққанда ажырасудың жалпы коэффициенті 3,04-ті құрады.

Ә. Смайыловтың сөзіне қарағанда, былтырғы қаңтар-қарашада Қазақстанға келіп тіркелгендер саны 2012 жылдың осы кезеңіне қарағанда 16,6 пайызға төмендеп, 22 124 адамды, сонымен қатар кеткендер саны 19,2 пайызға азайып, 22 618 адамды құрады. Еліміздегі негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен болды.