АЗИАДА: 100 пайыз тәуекелге барғандығымнан радиус бойынша қақпаға түспей қалдым-Д. Кошкин

АТЫ. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Ақ Азиада аясында Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында өтіп жатқан суперкомбинация жарысындағы супергигант кезінде алтын жүлдеден бсты үміткер болған жерлесіміз Дмитрий Кошкин дистанциядан шығып кеткен болатын.

АЗИАДА: 100 пайыз тәуекелге барғандығымнан радиус бойынша қақпаға түспей қалдым-Д. Кошкин

Ақ Азиаданың ресми сайты Дмитрий Кошкин осыған байланысты пікірін беріп отыр. "Мен 100 пайыз тәуекелге бардым. Жылдамдығым өте үлкен болатын және бір жалаушадан екіншісіне баратын жолда оқыс бұлрылыс кездескендіктен, радиус бойынша қақпаға түспей қалдым", - деп түсіндірді жағдайды спортшы.

Оның пікірінше, кешегі жауған қардан соң бәрі қайтадан қалпына келтірілген "Шымбұлақтағы" трасса қазір керемет.

Естеріңізге сала кетейік, Дмитрий Кошкин1 ақпан күні өткен супергигант слаломында күміс жүлдегер атанған болатын. Алматыдағы "Шымбұлақ" тау шаңғысы базасында өткен ол жарыстардың жеңімпазы И.Закурдаев қашықтықты 1 минут 4,61 секундта жүріп өтсе, Дмитрий Кошкин командаласынан 0,66 секундқа қалып қойды. Жеңімпаздар үштігін Ким Ву Сун (Kim Woosung) тұйықтаған болатын. Оның нәтижесі 1 минут 6,58 секунд.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, суперкомбинацияның бірінші түрі - супергигант слаломынан кейін жерлесіміз Игорь Закурдаев көш бастап келеді. Ол ұшына жалаушалар байланған жерге қадалған шыбықтардың арасына өтіп, таудан төмен құлдилау кезінде қашықтықты 1 минут 3,52 секундта бағындырды. Отандасымыздан 0,88 секундқа қалып қойған оңтүстіккореялық спортшы Юн Донхюн (Jung Donghyun) екінші орнында келеді. Үшінші орында тағы бір оңтүстіккореялық Ким Вусан (Kim Woosung) тұр. Ол жарыстың лидерінен 1,61 секундқа қалып қойды.