Азиада-2011 алауының Солтүстік Қазақстан бойынша жолбағыты бекітілді
ПЕТРОПАВЛ. 20 қараша. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Азиада-2011 алауының Солтүстік Қазақстан бойынша жолбағыты бекітілді. Оған Петропавлдың 60 тарихи, мәдени және өндірістік нысандары кірген.
VІІ Азия ойындарының алауы Солтүстік Қазақстан облысына Қостанай аймағынан келеді. Солтүстікқазақстандық алау ұстаушылар 21 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 12.00-де «Абылай хан ордасы» мұражай кешенінен бастау алады.
Облыс орталығының көшелерінде өтетін бірінші сатысы Қазақстан Конституциясының көшесі бойындағы Абай және Пушкин ескерткіштерінің алдында мәреге жетеді. Бірінші сатыға 27 нысан кіреді, олардың ішінде: Оружейников көпесінің үйі, Жамбылға, ұшқыш-ғарышкер Владимир Шаталовқа арналған ескерткіштер, мәдени және әлеуметтік нысандар - Қазпошта, облыстық аурухана мен кинотеатр, «Қызылжар» орталық мешіті, ірі сауда үйлері бар.