Азиада-2011: Хоккейден Жапонияның әйелдер құрамасы Оңтүстік Кореяны 10:0 есебімен ойсырата ұтты

АТЫ. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Ербол Тұрымбетов/ - 7-Қысқы Азия ойындары аясында Алматыда Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен шайбалы хоккейден әйелдер құрамалары арасындағы жарыста Жапония Оңтүстік Кореяны 10:0 есебімен ойсырата

Азиада-2011: Хоккейден Жапонияның әйелдер құрамасы  Оңтүстік Кореяны 10:0 есебімен ойсырата ұтты

Ойын тағдырын түгелімен өз қолдарына алған Жапония құрамасы кездесу басталысымен-ақ басымдылықтарын танытты. Бірінші таймда 4:0 есебімен ұтқан жапон қыздары екінші бөлімде де жауапсыз 3 шайба соғып, есепті ұлғайтты. Үшінші тайм басталысымен 22 нөмірлі жапон ойыншысы М. Шишиучи 8 шайбаның иесі атанса, 3 минуттан соң К. Аоки есепті 9:0 жеткізді. Үшінші кезеңнің 53 минутында 13 нөмірлі М. Фуджимото Жапония құрамасының 10-голын соқты.