Азиада-2017: Елена Коломина жеңісінен кейінгі әсерімен бөлісті

«Бүгін ел қоржынына алғашқы жүлдені салғаныма қатты қуаныштымын. Бізді қолдап, қуаттап жатқан отандастарыма алғысым шексіз. Тіпті, еліміздің Олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев мырзаның өзі бізге қолдау көрсету үшін осы жарыс алаңына келіпті. Бұл бізге үлкен үміт артқанының белгісі. Мен сол үмітті ақтадым. Алайда, алтын алуға сәл ғана сәтсіздік жетіспеді. Бұл жолы қытай қызы менен айласын асырып кетті. Барлықтарыңызға рахмет! мен қазір толқып тұрмын», - деп ағынан жарылды.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғыдан әйелдер арасында классикалық стильдегі спринттік жарыстан Елена Коломина қазақстандық спортшылардан алғашқы болып күміс жүлдені жеңіп алды.
Бұл сайыста қытайлық Дандан Ман жеңіске жетсе, қола жүлдені аустралиялық Кэйси Райт иеленді.
фото: Ізтұрған Алдауев