Азиада-2017: Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы азулы қарсыластарының бірін ұтып кетті

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы азулы  қарсыластарын 1:0 есебімен ұтып кетті, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін хоккейші аруларымыз Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Нәтижесінде отандастарымыз басты қарсыластарын 1:0 есебімен қапы қалдырды.

Жалғыз шайбаны үшінші кезеңде Ажар Хамимульдинова соқты.

Естеріңізге сала кетейік, кеше хоккейші қыздарымыз Қытай құрамасымен сынға түсіп, қарсыластарына 8:3 есебімен есе жіберген болатын.

Соңғы жаңалықтар