Азиада-2017: Қазақстандық конькиші Роман Креч төртінші орынға ие болды

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарының аясында конькиден алғашқы жарыстар өтіп, қазақстандық конькиші Роман Креч төртінші орынға ие болды, деп хабарлайды Саппородан ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бүгін  конькиден спортшылар 500 метр қашықтықта сынға түсті. Аталған бәсекеде қытайлық спортшы Тинь Ю Гаоның жұлдызы жанып, чемпион атанды. Екінші орынды жергілікті спортшы Тсубаса Хасегава қанжығасына байлады. Ал, үздік үштікті Оңтүстік Кореялық Мин Кю Ча түйіндеді.

Жерлесіміз Роман Креч болса 0.59 уақытымен жеңімпаздан қалып, төртінші орынды иеленді. Сондай-ақ, осы жарыста қазақстандық Станислав Палкин - 12-ші, Федор Мезенцев - 13-ші, Артем Крикунов - 14-ші орындарды місе тұтты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар