09:09, 20 Ақпан 2017 | GMT +5
Азиада-2017: Қазақстандық шаңғышы жартылай финалға жолдама алды
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан классикалық жүріспен жеке спринт (1,4 шақырым) жарысында ерлер арасынан Сергей Малышев жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Енді ол жергілікті уақытпен 12:20-да финалда өнер көрсетеді.
Айта кетейік, бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың алты түрінен, яғни керлинг, шаңғы жарыстары, шайбалы хоккей, сноуборд, конькимен жүгіру спорты, шорт-тректен өнер көрсетеді.