Азиада-2017: Қазақстанның хоккейші қыздары жарысты қола медальмен аяқтады

  САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азиада ойындарында Қазақстанның хоккейші қыздары Азиада ойындарының қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2017: Қазақстанның хоккейші қыздары жарысты қола медальмен аяқтады

Хоккейші қыздарымыз бүгін Таиланд құрамасымен қола медальді сарапқа салған болатын. Аса тартысты өткен бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарын 8:0 есебімен ойсырата жеңіп қола жүлдені жеңіп алды.
null  

Естеріңізге сала кетейік, осыған екі күн бұрын хоккейші аруларымыз Гонконг құрамасымен кездесіп, оларды 19:0 есебімен ойсырата ұтқан еді. Бұл - спортшыларымыздың  VІІІ қысқы Азиада ойындарындағы үшінші жеңісі. Гонконг құрамасының алдында Оңтүстік Корея құрамасын 1:0 есебімен жеңген болатын.

Отандастарымыз тек, Жапония мен Қытай құрамасынан ұтылып қалды. Жапондарға 6:0 есебімен ұтылса, қытайға 8:3  есебімен есе жіберген.
null

ФОТО Данияра Майлыбаева