Азиада-2017: Керлингшілеріміз Саппородағы жарыстарын аяқтады

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында керлингтен Қазақстанның ерлер құрамасы Саппородағы жарыстарын жүлдесіз аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2017: Керлингшілеріміз Саппородағы жарыстарын аяқтады

Бүгін керлингтен Қазақстанның ерлер құрамасы соңғы ойынын қытайлық Тайбэй құрамасына қарсы өткізіп, 13:2 есебімен ойсырай ұтылды.

Жалпы керлингшілеріміз Азиадада бес ойын өткізіп, біреуінде ғана катарлықтармен өткен ойында 12:4 есебімен қарсыластарын ұтып, қалған төртеуінде жеңіліс тапты. Ең алғашқы жарыста Қытай құрамасымен жолығып,  12:1 есебімен жеңіліс тапса, екінші ойында Оңтүстік Корея еліне де 12:1 есебімен ойсырай жеңілді. Ал үшінші ойында шаршы алаң қожайындарына 13:4 есебімен жол берсе, бүгін қытайлық Тайбэй құрамасынан 13:2 есебімен жеңіліс тапты.