12:12, 21 Ақпан 2017 | GMT +5
Азиада-2017: Керлингтен қазақ спортшылары жапондарға жол берді
САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында керлингтен Қазақстан құрамасы қарсыластарына ірі есеппен ұтылып қалды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.

Отандастарымыз жергілікті спортшылармен бақ сынасқан болатын. Окінішке қарай Жапония ойыншылары жерлестерімізді 13:4 есебімен ойсырата ұтты. Енді біздің керлингшілерімізді келесі ойында Тайвань құрамасы күтіп тұр.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан 1 алтын, 2 күміс, 1 қола медальмен жалпы есепте төртінші орында келе жатыр.
Денис Кузинннің жүлдесі бүгінгі Қазақ спортшыларының жеңіп алған үшінші жүлдесі. Осыған дейін жарыстың екінші күні шаңғышы аруымыз Елена Коломина күміс еншілесе, бүгін бір қоланы жеңіп алды. Ал одан кейін ерлер арасында тағы бір шаңғышымыз Ринат Мухин 15 шақырымдық жарысты 41 минут 25,3 секунд нәтижесімен чемпион атанған болатын.