Азиада-2017: Керлингтен қыздарымыз алғашқы жеңісіне қол жеткізді

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында керлингтен қыздар арасында Қазақстан құрамасы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жерлестеріміз Қатар спортшыларымен бақ сынасып, қарсыластарын 14:0 есебімен ұтты.

Енді қазақстандық спортшылар 21 ақпан күні Оңтүстік Корея елінің спортшыларымен сынға түседі..

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғыдан әйелдер арасында классикалық стильдегі спринттік жарыстан Елена Коломина қазақстандық спортшылардан алғашқы болып күміс жүлдені жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар