Азиада-2017: Саппорода Қазақстан Туы көтерілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия ойындары аясында Атлетикалық қалашықта Қазақстан Республикасының Туы көтерілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Азиада-2017: Саппорода Қазақстан Туы көтерілді

null
Азиада ойындарының ашылу салтанаты 19 ақпан күні басталады. Спортшылар шеруінде еліміздің жалауын шаңғы жарысынан бес дүркін ел чемпионы Ердос Ахмадиев ұстап шығады.  

Естеріңізге сала кетейік, VIII қысқы Азиада ойындары Жапонияның Саппоро қаласында 19-26 ақпан аралығында өтеді. Оған 31 елден келген спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.  
null

Байрақты додада Қазақстан намысын қорғауға 153 спортшы аттанды. Олардың арасында халықаралық деңгейдегі түрлі жарыстарда жеңімпаз болған мәнерлеп сырғанаушылар Денис Тен, Элизабет Тұрсынбаева, конькишілер Роман Креч, Денис Кузин, Екатерина Айдова және шаңғышы Николай Чеботько бар.

Жарыстың жабылу рәсімі 26 ақпан күні кешкі сағат 18:00-де өтеді деп жоспарланған.
null