Азиада-2017: Шаңғышы жігіттеріміз күміс жүлде иеленді

САППОРО. ҚазАқпарат - Бүгін Жапонияның Саппоро қаласында өтіп жатқан VІІІ қысқы Азия ойындарында эстафеталық шаңғы жарысынан жігіттеріміз күміс жүлдені жеңіп алды, деп хабарлайды Саппородағы ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Жігіттеріміз 4×7,5 шақырымдық эстафеталық сайыста жарыс қожайындарынан кейінгі екінші орынды жеңіп алды. Үшінші орынға Оңтүстік Корея спортшылары қол жеткізді.

Бұл сында Қазақстан намысын Сергей Черепанов, Ердос Ахмадиев, Николай Чеботько мен Ринат Мухин қорғады.

Шаңғы жарысы. Эстафета. 4×7,5 км

1. Жапония - 1:27:30.3

2. Қазақстан - +19.1

3. Оңтүстік Корея - +2:41.9.

Соңғы жаңалықтар