Азиада-2017: Шорт-трекші аруларымыз жеңістерінен кейінгі әсерімен бөлісті

«Жеңіс қолға оңай келген жоқ. Қарсыластарымыз ең мықты командалар болды. Финалында Оңтүстік Корея, Қытай және Жапония командаларымен сынға түсу оңай емес. Бұлар осыған дейін әлем кубоктарында, әлем чемпионаттарында жүлдегер атанып жүрген спортшылар. Бірақ, бізге сәттілік жолдас болып, қола медаль жеңіп алдық. Бұл біз үшін ойламаған, күтпеген үлкен нәтиже. Біз алғашында төртінші келе жатқан болатынбыз. Бір кезде жапондық қыздар құлап қалып, оларды басып оздық», - деп атап өтті ол.
Естеріңізге сала кетейік, шорт-трекші аруларымыз командалық сайыста Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай құрамаларымен жүлдеге таласып, үшінші орынды иеленген болатын . Бұл сында бірінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы, екінші орынды Қытай спортшылар жеңіп алды.
фото: Ізтұрған Қабдуллаев