Азиада-2018: 17 тамызға арналған жарыс кестесі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джакартада өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарындағы қазақстандық спортшылардың 17 тамыздағы жарыс кестесі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін, яғни 17 тамыз күні қазақстандық баскетболшылар мен су добынан қыздар командасы топтық кезеңді жалғастырады.
Спорт түрі: Су добы. Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: сағат 14:50 (Астана уақытымен)
Спорт түрі: Баскетбол (5х5). Әйелдер. Топтық кезең.
Басталуы: сағат 15:00
Баскетболшылар Үндістанмен, ал су добының өкілдері Таиландпен ойнайды.