Азиада-2018: 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген қыздарымыз жарысты аяқтады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан XVIII Азия ойындарында жеңіл атлетикадан әйелдер арасында 400 метрге тосқауылдар жүгіруден жарысқан екі қазақстандық финалға өте алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат kazathletics.kz сілтеме жасап.
Қазақстанның атынан Аделина Ахметова мен Мерджен Ишанғұиева қатысқан.
Жалпы, бұл сайыс түрінен 13 спортшы болды. Оларды екі топқа бөліп жүгіртті. Әр топтан алғашқы үшеуін және уақыт көрсеткіші жоғары екеуін финалға өткізді.
Өкінішке қарай, қазақстандық атлеттер бұл тапсырманы орындай алмады. Екеуі де өз тобында бесінші орында қалып қойды. Ахметова мәреге 1:00.08 минутта жетті. Ишанғұлиеваның көрсеткіші - 59.32 сек. Сөйтіп, екеуі жалпы есепте тоғыз және оныншы орындарды бөлісті. Іріктеуде ең жоғары нәтижені 2014 жылы Инчхонда екі дүркін Азия ойындарының жеңімпазы атанған Бахрейн спортшысы Олувакеми Адекойя тіркеді (54.87 сек.). Ол сонымен қатар Азия ойындарының жаңа рекордын тіркеді.
400 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру. Іріктеу,әйелдер.
Бірінші топ:
1. Аминат Джамал (Бахрейн) - 57.01 сек.
2. Эри Уцуномия (Жапония) - 57.99 сек.
3. Дифна Лим Прасад (Сингапур) - 58.93 сек.
4. Жаума Мурму (Үндістан) - 59.20 сек. q
5. Аделина Ахметова (Қазақстан) - 1:00.08 мин.
Екінші топ:
1. Олувакеми Адекойя (Бахрейн) - 54.87 сек.
2. Куач Тхи Лан (Вьетнам) - 55.74 сек.
3. Ану Пахаван (Үндістан) - 56.77 сек.
4. Хуан Ян (Қытай) - 58.31 сек.
5. Мерджен Ишангулиева (Қазақстан) - 59.32 сек.