Азиада-2018: Әділбек Мусин ел қоржынына тағы бір медаль салды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық жүзгіш Әділбек Мусин де қола медаль алды, деп хабарлайлы «SPORTINFORM» САА ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзу жарысында 23.73 секунд нәтижемен үздік үштікке ілінді. Алтын медальды сингапурлық Олимпиада чемпионы Джозеф Скулинг иемденді - 23.61. Ал күміс медальды 23.65 секунд нәтижесімен қытайлық Пенг Ван еншіледі.
Қазақстандық жүзгіштер осымен екінші рет қола медаль алып отыр. Бұған дейін Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин де «қола» алған болатын.