Азиада-2018: Баландин екіші қола медалға ие болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дмитрий Баландин 50 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, финалдық сында қазақстандық спортшы жапониялық Ясухиро Кусико (27.07) мен қытайлық Ян Зибейден (27.25) қалып қойды.
Баландиннің көрсеткіші - 27.46.
Бұл Баландиннің биылғы Азия ойындарындағы екінші қола жүлдесі. Ол 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында да үздік үштікті тұйықтаған еді.
Айта кетейік, Баландин өзі Олимпиада чемпионы атанған 200 метрге брасс әдісімен жүзу бәсекесіне жарақатына байланысты қатыспайды.