Азиада-2018: Бүгін қазақ боксшылары кімдермен жұдырықтасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін шаршы алаңға шығатын қазақстандық боксшылардың қарсыластары белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Теміртас Жүсіпов, Қайрат Ералиев, Бекдәулет Ибрагимов және Әбілхан Аманқұл бастаған төрт боксшымыз Азия ойындарындағы алғашқы кездесуін өткізеді.
Олардың қарсыластары мыналар:
49 келі. Теміртас Жүсіпов - Цубой Томоя (Жапония)
56 келі. Қайрат Ералиев - Чатчай Бутди (Таиланд)
64 келі. Бекдәулет Ибрагимов - Ванг Ганг (Қытай)
75 келі. Әбілхан Аманқұл - Апхисит Кананхокхкруеа (Таиланд)
Бокс бәсекелері бүгін астана уақытымен 13.00-де басталады.