Азиада-2018: Бүгінгі күн қола медальмен басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының бесінші жарыс күні сәтті басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Палембангта академиялық есуден финалдық бәсекелер басталды. Нәтижесінде әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық Александра Опачанова мәре сызығын үшінші болып кесіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Ол Қытай және Тайпей спортшыларын алға жіберіп, мәреге үшінші болып келді.
Осылайша, бүгінгі жарыс күніндегі алғашқы медаль қоржында. Бұл академиялық есуден биылғы Азия ойындарында жеңіп алған тұңғыш жүлдеміз.