Азиада-2018: Дмитрий Баландин кезекті жарысында финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 50 метрге брасс əдісімен жүзуден ерлер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2018: Дмитрий Баландин кезекті жарысында финалға шықты

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада қазақстандық Дмитрий Баландин өз тобында 50 метрге брасс əдісімен жүзуден үшінші болып келсе, жалпы есепте 5-ші орынмен финалға өтті.

Ал қорытынды есепте 12-ші орында қалған А. Қамзин финалдық кезеңнен сырт қалды.

Ақтық бәсеке Астана уақытымен сағат 17:00 басталады.

Естеріңізге сала кетейік, Баландин осыған дейін 100 метрге брасс әдісімен жүзуде Азия ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.