Азиада-2018: Дмитрий Коблов 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 400 метрге жүгіруде қазақстандық жеңіл атлет Дмитрий Коблов финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін қазақстандық жеңіл атлет Дмитрий Коблов 400 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Азия ойындарының финалына өтті.
Жартылай финалда ол өз тобында екінші келіп, ақтық сынға жолдама алды. Кобловтың уақыт көрсеткіші - 50.58 секунд.
Финалдық бәсеке ертең, 27 тамыз күні өтеді.