Азиада-2018: Дзюдодан алғышқы жүлде түсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Галбадрах Отгонцэцэг дзюдодан Азия ойындарының алғашқы жүлдесін сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азиада-2018: Дзюдодан алғышқы жүлде түсті

Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қола жүлде үшін өткен кездесуде Галбадрах қытайлық Яо Сюнді «ваззари» әдісімен жеңді. 

Осылайша, 48 келіде сынға түскен қазақстандық спортшы дзюдодан елімізге биылғы Азия ойындарының алғашқы медалін алып берді.