Азиада-2018: Каратеші Гузалия Ғафурова финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында каратеші Гузалия Ғафурова Азияның алтынына таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Жакартадағы жазғы Азия ойындарында каратешілер сайысы жалғасуда.
68 келіде сынға түскен Гузалия Ғафурова Азиаданың финалына өтті.
Гузалия бірінші айналымда өзбекстандық қарсыласын 3:0 есебімен жеңді. Екінші айналымда қазақстандық спортшы Иран өкілінен басым түсті.
Ал жартылай финалда вьетнамдық шебермен кездескен Ғафурова 8:5 есебімен жеңіске жетті.
Финалда Гузалия Ғафурова қытайлық спортшымен Азиада алтынына таласады.