Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 8-ші күміс медаль түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 8-ші күміс медаль түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-тің баспасөз қызметі мәлім еткендей бүгін каратеші Дидар Әмірәлі Азия ойындарының финалында қарсыласына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Отандасымыз финалда кувейттік қарсыласы Әли Абдуазизге 0:4 есебімен жол берді.
Дидар Әмірәлі 1/16 финалда Біріккен Араб Әмірліктерінің спортшысын ұтса, 1/8 финалда Таиланд өкілінен басым түсті.
Ширек финалда Шри-Ланка спортшысын тізе бүктірген Дидар жартылай финалда индонезиялық каратешіні жеңді.