Азиада-2018: Қазақстан қоржынына екінші «күміс» түсті

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстандық балуан  Жұлдыз Ешімова Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына екінші «күміс» түсті

Азия ойындары ақпараттық сайтындағы деректерге сәйкес, 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жұлдыз Ешімова ақтық сында Солтүстік Корея өкілі Пак Юнг Миден 11:0 есебімен жеңіліп, Қазақстан қоржынына екінші «күміс» салды.

Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша, Қазақстан құрамасы алты медалмен жалпы есепте Өзбекстанмен қатар оныншы орынға жайғасты.