Азиада-2018: Қазақстандық балуан қола медальды жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан ХVIII Жазғы Азия ойындарында бүгін грек-рим күресінен 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Азамат Құстыбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің бапасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Азиада-2018: Қазақстандық балуан қола медальды жеңіп алды

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, қола жүлде үшін тартыста Азамат үндістандық балуанды 6:3 есебімен жеңді.

Азамат Азия ойындарындағы алғашқы кездесуінде тәжірибелі өзбек балуаны Рустам Ассакаловқа есе жіберген еді.

Жұбаныш белдесуінде қазақстандық спортшы қырғызстандық Самат Ширдаковты жеңді.

Еске сала кетейік, грек-рим күресінің өкілдері кеше бір күміс, бір қола медаль иеленген болатын.