Азиада-2018: Қазақстандық таеквондошы - жартылай финалда

АСТАНА. ҚазАқпарат  - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында қазақстандық таеквондошы Ерасыл Қайырбек жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2018: Қазақстандық таеквондошы - жартылай финалда

ҚР ҰОК мәлім еткендей, ол алғашқы айналымда таиландтық спортшы Нутхави Кломпонгпен кездесіп, 26:10 есебімен жеңіске жетсе, ширек финалда малайзиялық спортшыны 12:1 есебімен жарыс жолынан тайдырды.

Енді Қайырбек жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілі Дайхун Лимен сынға түседі.