Азиада-2018: Қазақстандық волейболшылардың қарсыласы матчқа келмей қалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда 2018 жылғы Жазғы Азия ойындары аясында Қазақстан мен Моңғолияның волейболдан ерлер құрамалары кездесуі тиіс болатын. Бірақ 17-18-інші орындар үшін ойын өтпей қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Белгісіз себептермен моңғолиялық команда кездесуге келмеді. Сондықтан оларға 0:3 (0:25, 0:25, 0:25) есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Осылайша, қазақстандық волейболшылар турнирді 17-інші орында аяқтады.
Айта кетейік, өзінің соңғы матчында ҚР құрамасы қырғыздарға 2:3 есебімен жеңілген болатын.