Азиада-2018: Қазақстандық жеңіл атлет 800 метрге жүгіруден финалға шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында бүгін қазақстандық жеңіл атлет Маргарита Мукашева 800 метрге жүгіруден финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін Жакартадағы жарыста Азия ойындарында жеңіл атлеттер додасы жалғасты.
800 метрге жүгіруден ел намысын қорғайтын Маргарита Мукашева іріктеу кезеңінде үшінші орынға ие болып, финалдық кезеңде жүгіруге мүмкіндік алды. Оның уақыт көрсеткіші - 2:04.52.
Іріктеу кезеңінде қазақстандық атлеттің алдын Бахрейн және Жапония спортшылары орап кетті.
Қазірге Қазақстан құрамасы Индонезияда өтіп жатқан Азиада-2018 ойындарының жалпы қорытындысы 6 алтын, 8 күміс және 28 қола медальмен жалпы есепте 11-ші орынды сақтап тұр.