Азиада-2018: Қазақстандық жеңіл атлет қола жүлдегер атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында 400 метрге жүгіруде қазақстандық жеңіл атлет Элина Михина қола медаль жеңіп алды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2018: Қазақстандық жеңіл атлет қола жүлдегер атанды

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін Жакартада 400 метрге жүгіруден әйелдер бәсекесінің финалдық сыны аяқталды. Қазақстан намысын қорғаған Элина Михина 52.63 уақыт көрсеткішімен қола жүлдеге қол жеткізді.

Бұл сында Бахрейн өкілі Сальва Насер жеңімпаз атанды. Ол Азия ойындарының жаңа рекордын (50.09) орнатты. Екінші орында - үндістандық Хима Дас (50.79).