Азиада-2018: Волейболдан Қазақстан қыздары Үндістан құрамасын қапы қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан қыздар командасы Үндістан құрамасымен кездесіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2018: Волейболдан Қазақстан қыздары Үндістан құрамасын қапы қалдырды

ҚР ҰОК мәлім еткендей, қазақстандықтар үш сет қорытындысы бойынша, 25:8, 25:19, 25:23 есебімен басым түсті.

Волейболшы қыздар алдыңғы екі матчтың бірінде Тайпейді жеңіп, екіншісінде Оңтүстік Кореядан ұтылған болатын.

«В» тобында Қазақстан үшінші орында келеді.

Айта кетейік, еліміз спортшылары бүгін дәл қазіргі есеп бойынша 2 алтын, 6 күміс, 16 қола медальмен 12-ші орында келеді. Бүгін, Қазақстан қоржынына екінші алтынды велошабондоз Алексей Луценко салды.

Азия ойындары 2 қыркүйек күні өз мәресіне жетеді.