Азиада-2018: Волейболшы қыздарымыз Қытайдан ойсырай ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Индонезия астанасы Жакарта қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында волейболшы қыздарымыз Қытайдан ойсырай ұтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Азиада-2018: Волейболшы қыздарымыз Қытайдан ойсырай ұтылды

ҚР ҰОК баспасөз қызметі мәлім еткендей, волейболдан Қазақстан әйелдер командасы Азия ойындарының аясында Қытай командасымен кездесіп, жеңіліске ұшырады.

Волейболшы қыздар Қытайға 0:3 есебімен жол берді.

Үш партияның қорытындысы: 25:14, 25:15. 25:11

Қытай мен Оңтүстік Кореяны алға жіберген Қазақстан командасы «В» тобында үшінші орында келеді.

Айта кетейік, қәзіргі уақытта Қазақстан құрамасы 4 алтын, 7 күміс және 26 қола медалмен, жалпы есепте 11-орында келеді.