Азиада-2025: қазақстандық спортшылардың 6 ақпандағы жарыс кестесі
ХАРБИН. KAZINFORM — 6 ақпан күні Қазақстан спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында үш матч өткізеді.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі төмендегідей:
Керлинг (аралас жұп) 6 ақпан, 7:00.
Топтық кезең. Қазақстан — Қырғызстан (Топтық кезең)
6 ақпан, 15:00.
Топтық кезең. Филиппин — Қазақстан (Топтық кезең) Амина Сейтжанова және Азизбек Надирбаев
Шайбалы хоккей 6 ақпан, 17:00.
Топтық кезең. Қазақстан — Тайланд (Әйелдер)
Айта кетейік, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді.
Спортшылар 11 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.
Харбинде 137 қазақстандық спортшы ел намысын қорғап жатыр.
Осыған дейін Қазақстан хоккей құрамасының ойыншысы Әділ Бекетаев бүгінгі Қытайға қарсы ойын туралы ойымен бөліскенін жаздық.