Азиада-2025: Қазақстан спортшыларының алғашқы жарысына алдын ала шолу

АСТАНА. KAZINFORM – 3 ақпанда Қазақстан құрамасының спортшылары Қытайдың Харбин қаласында өтетін 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жүлделер үшін күресті бастайды.

Азиада-2025: қазақстандық спортшылардың алғашқы жарысына алдын ала шолу
Фото: ҚР ҰОК

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, Азия ойындарында алғаш болып мұз айдынына хоккейші қыздар шығады. Қазақстан құрамасы турнирдегі алғашқы матчында Гонконг командасымен кездеседі.

Ойын Астана уақытымен 16:30-да басталады. Азия ойындарын тікелей эфирде Qazsport телеарнасы көрсетеді.

Айта кетейік, Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты 7 ақпанда өтеді.

Қазақстан құрамасын IX қысқы Азия ойындарына шығарып салу рәсімі өткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар