Азиада -2026: Қазақстан құрамасы дзюдодан финалда бақ сынайды
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасы дзюдодан Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының финалында бақ сынайды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.
Отандастарымыз аралас командалық бәсекенің жартылай финалында Оңтүстік Кореяны 4:3 есебімен жеңді.
Ұлттық құрамаға жеңіс ұпайын Аида Тойшыбекова әкелді.
Осылайша қазақстандықтар Азиаданың финалында Жапония құрамасымен алтын жүлдені сарапқа салады.
Осыған дейін дзюдодан үш отандасымыз Азиаданың қола жүлдесі үшін белдесетіні туралы жаздық.