Азиада-2026: Қазақстан құрамасы кешенді жүзуден эстафетада финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — ​Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азиада ойындарында ерлер арасында 4×100 метрге кешенді жүзу эстафетасынан іріктеу кезеңі өтті.

Азиада-2026: Қазақстан құрамасы кешенді жүзуден эстафетада финалға шықты
Фото: Спортты дамыту дерекциясы

​Қазақстан құрамасы сапында Айбат Мырзамұратов, Александр Румынский, Максим Сказобцов пен Максим Клименко өнер көрсетті. Іріктеу қорытындысы бойынша Қазақстан командасы 3-орын алып, жарыстың финалына жолдама алды.

Айта кетейік, ​ақтық сындар бүгін өтеді. 

Жалпы XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында 558 спортшысы қатысып жатыр. Олар жарыс бағдарламасындағы 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.

Айта кетелік Қазақстандық волейболшылар Кореяны 2:0 есебімен жеңген еді