Азиада-2026: Қазақстан құрамасының 21 қыркүйектегі жарыс кестесі жарияланды
АСТАНА. KAZINFORM – 21 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында өнер көрсетуді жалғастырады.
Спортшыларымызды жарысқа толы күн күтіп тұр. Бұл күні триатлон, нысана көздеу, жүзу, каратэ және спорттық гимнастикадан жүлделер сарапқа салынады.
Olympic.kz Қазақстан спортшыларының жарыс кестесін ұсынды. Астана уақыты көрсетілген.
Айта кетейік, спортшылардың құрамы мен жарыстардың басталу уақыты өзгеруі мүмкін.
Спорт түрі: көгалдағы хоккей, әйелдер. Топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Оңтүстік Корея
Басталуы: 05:00
Спорт түрі: триатлон. Аралас эстафета, финал
Кімдер: Диана Ержанова, Арлан Жаңабай, Аида Ким, Егор Крупяков
Басталуы: 05:30
Спорт түрі: нысана көздеу
10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықтан ату, ерлер. Командалық жарыстың іріктеу кезеңі және финалы
Кімдер: Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский
Басталуы: 05:45
Спорт түрі: нысана көздеу. 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықтан ату, ерлер.
Финал
Кімдер: Ислам Сәтпаев, Никита Шахторин, Константин Малиновский – финалға шыққан жағдайда
Басталуы: 08:30
Спорт түрі: стенд ату. Скит, ерлер, іріктеу
Кімдер: Александр Мухамедиев, Артём Седельников, Давид Почивалов
Басталуы: 06:00
Спорт түрі: стенд ату. Скит, әйелдер, іріктеу
Кімдер: Зоя Пискун, Әсем Орынбай, Адель Садақбаева
Басталуы: 06:00
Спорт түрі: жүзу, ерлер. 50 метрге шалқалай жүзу, іріктеу
Кімдер: Александр Румынский, Глеб Коваленя
Басталуы: 06:00
Спорт түрі: жүзу, әйелдер. 50 метрге шалқалай жүзу, іріктеу
Кімдер: Ксения Игнатова, София Абубакирова
Басталуы: 06:08
Спорт түрі: жүзу, ерлер. 50 метрге еркін стильде жүзу, іріктеу
Кімдер: Глеб Коваленя, Әділбек Мусин
Басталуы: 06:14
Спорт түрі: жүзу, ерлер. 100 метрге брасс әдісімен жүзу, іріктеу
Кімдер: Айбат Мырзамұратов
Басталуы: 06:48
Спорт түрі: жүзу, әйелдер. 200 метрге кешенді жүзу, іріктеу
Кімдер: Ксения Игнатова, София Абубакирова
Басталуы: 06:56
Спорт түрі: жүзу, ерлер. Эстафета 4×200 метрге еркін стильде жүзу, іріктеу
Кімдер: Глеб Коваленя, Максим Сказобцов, Фёдор Диденко, Әділбек Мусин
Басталуы: 07:04
Спорт түрі: жүзу. Финалдар
Басталуы: 13:00-ден бастап
Спорт түрі: Үстел теннисі, әйелдер.
Топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Мальдив
Басталуы: 06:00
Спорт түрі: дәстүрлі аралас жекпе-жек. Ерлер, 65 келіге дейін.
Жартылай финал
Кім: Санжар Әділов
Басталуы: 07:30
Спорт түрі: аралас жекпе-жек. Modern, ерлер, 71 келіге дейін
Жартылай финал
Кім: Қадырбек Шынбаев
Басталуы: 08:40
Спорт түрі: дәстүрлі аралас жекпе-жек.
Ерлер, 77 келіге дейін. Жартылай финал
Кім: Еркінғали Бүркіталин
Басталуы: 08:50
Спорт түрі: каратэ, ерлер, 67 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Алтынбек Олжас
Басталуы: 09:00
Спорт түрі: каратэ, әйелдер, 61 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Әсел Қанай
Басталуы: 10:35
Спорт түрі: волейбол, әйелдер. 5-8 орындар үшін матч
Кімдер: Қазақстан – Тайбэй
Басталуы: 09:00
Спорт түрі: 3×3 баскетбол, ерлер. Топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Шри-Ланка
Басталуы: 09:15
Спорт түрі: 3×3 баскетбол, ерлер. Топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Моңғолия
Басталуы: 10:30
Спорт түрі: спорттық гимнастика, ерлер. Жекелеген снарядтар бойынша іріктеу және көпсайыс финалы
Кімдер: Ильяс Азизов, Дмитрий Патанин, Нуртан Идрисов, Милад Карими, Нариман Курбанов
Басталуы: 10:30
Спорт түрі: бадминтон, ерлер. Командалық турнир, 1/8 финал
Кімдер: Қазақстан – Жапония
Басталуы: 11:00
Спорт түрі: су добы, әйелдер. Айналмалы жүйедегі екінші матч
Кімдер: Қазақстан – Жапония
Басталуы: 13:40
Спорт түрі: ушу-саньда, әйелдер, 60 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Алина Шосова
Басталуы: 14:00
Спорт түрі: ушу-саньда, ерлер, 60 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Карим Иминжанов
Басталуы: 14:00
Спорт түрі: ушу-саньда, ерлер, 65 келіге дейін. 1/8 финал
Кім: Бексұлтан Көскенов
Басталуы: 14:00
Спорт түрі: үстел теннисі, ерлер. Топтық кезең
Кімдер: Қазақстан – Лаос
Басталуы: 15:00
Қазақстан құрамасы алғашқы жарыс күні жалпы есепте төртінші орында екенін жазған едік.